25.03.2023
17:50
1062
Қарағанды облысының құтқарушылары он адамды құтқарды

Қарағанды облысының құтқарушылары он адамды құтқарды

Қарағанды облысының жолдарында тағы бір құтқару операциясы жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

25 наурыз күні сағат 11:20-да Осакаров ауданында «Приишимское ауылы-Шоқай станциясы» жергілікті маңызы бар автожолында құтқару операциясы жүргізілді. Осакаровка кентінен 53 шақырым жерде 4 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. ТЖД күшімен автомобильдер жолдың тазартылған учаскесіне шығарылды. Көліктерде барлығы 10 адам болды, медициналық көмек қажет болмады.

Қарағанды облысының ТЖД ауа-райы нашарлаған кезде алыс қашықтыққа сапарлардан бас тарту қажеттігін еске салады.