Қарағанды облысының құтқарушылары 102 адамды эвакуациялады

4 Қаңтар 2023, 14:41 964

Қарағанды ​​облысында ауа райының нашарлауына байланысты жолдардың бірнеше бөлігінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жергілікті атқарушы органдардың, жол ұйымдарының күшімен жолдарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Авариялық-құтқару жұмыстары Балқаш қаласы Ақсу-Аюлы ауылы тасжолында жүргізілді.

Жалпы іздеу-құтқару және жол жұмыстарына ТЖД-дан 25 адам мен 8 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 27 адам мен 14 бірлік техника, полициядан 36 адам мен 18 бірлік техника, жол қызметінен 138 адам және 92 бірлік техника жұмылдырылды.

«Облыс бойынша барлығы 102 адам эвакуацияланып, құтқарылды, оның ішінде 30 бала және 43 бірлік техника шығарылды. Жағдай бақылауда», делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: