Қарағанды облысының өзендерінде мұзды ұсақтау жұмыстары жалғасуда

29 Наурыз 2023, 11:34 1136

Ақтоғай ауданы Караменде би ауылдық округінде Қуаныш өзеніндегі 2 учаскеде мұзды жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ТЖМ-не сілтеме жасап.

Жүргізілген жұмыстар өзен арналарының өткізу қабілетін арттыруға, еріген қар суы мен мұз массаларының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы облыс өзендерінде мұзды ұсақтау жұмыстары Бұқар жырау, Осакаров, Қарқаралы және Ақтоғай аудандарында жалпы ауданы 7000 шаршы метр болатын 17 учаскеде жүргізілді.

Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді!

Балаларды ересектердің бақылауынсыз өзендерге жібермеңіз. Өзен немесе көл жарылған кезде мұз үстінде болу қаупі туралы ескертіңіз. Сондай-ақ су қоймаларының маңында мал жаюды шектеу ұсынылады.

EL.KZ
Бөлісу: