Қарағанды облысының бес мыңнан астам кәсіпкері мемлекеттен қолдау алады

24 Мамыр 2023, 13:57 800

Бүгінде Қарағанды облысының әрбір екінші экономикалық белсенді тұрғыны шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кәсіпкерлердің 2,5 мыңнан астам жобасы мемлекеттік қолдауға ие болды, билік жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 5,5 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Қарағанды облысы тұрғындарының табысын қалай арттыратыны жайлы ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев айтып берді.

Негізгі бағыттардың қатарында жаңа инвестициялық жобалар мен кәсіпкерлікті дамыту көзделіп отыр. Біз жаңа өндірістік тауашаларды ашу үшін, оның ішінде кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы есебінен жағдай жасаймыз. Ірі компаниялардың қолдауымен 38 кәсіпорын шоғырланған, - деді ол.

Қарағанды облысының әкімі қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша жеңіл өнеркәсіп саласында төрт жоба іске асырылғанын айтты. Олар өз өнімдерімен облыстың медициналық, білім беру және басқа да ұйымдарын қамтамасыз етеді.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: