04.06.2025
22:07
3863
Қарағанды облысында жолаушылар автобусы өртенді

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы өртенді

ТЖМ құтқарушылары жанып жатқан автобустан 34 жолаушыны эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Қарағанды облысы Абай ауданындағы Астана – Қарағанды – Алматы автожолының 960-шақырымында Астана – Шымкент бойынша бағыт алған жолаушылар автобусының мотор бөлігінен өрт шыққан.

Өрт аумағы шамамен 2 шаршы метрді құрады және өрт сөндіру қызметі келгенге дейін жойылды. Алайда құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында барлық жолаушылар эвакуацияланып, жақын маңдағы жол бойы кемпингіне жеткізілді. Оларға қажетті көмек көрсетілді, - делінген мәліметте.

Салонда 34 жолаушы, оның ішінде 9 бала және 5 ересек Өзбекстан азаматы болған. Зардап шеккендер жоқ.