29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары5 шілде күні Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, апат Балқаш қаласына бағытталған тас жолда, Ақшатау ауылына жақын маңда болған. Алдын ала деректер бойынша, Kia көлігінің жүргізушісі басып озуға тырысып, жол белгілерін ескермеген. Салдарынан ол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жол бөлігіне кіріп кетіп, қисық қоршауға соғылған. Қатты соқтығыстан кейін көлік өртеніп кеткен.
Апат салдарынан жеті жолаушы оқиға орнында қаза тапқан. Жүргізуші мен тағы бір жолаушы жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полиция департаменті жүргізушілерге, әсіресе ұзақ сапарға шыққанда, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек