6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚарағанды облысында жол апатынан полиция бастығының орынбасары қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Қарқаралыға жақын жерде болған. Салдарынан Қарағанды қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары-полиция полковнигі Бекжан Құсайынов көз жұмды. 53 жастағы маман еңбек демалысында болған.
Бекжан Төлеуұлы қызмет жолын 1992 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық Ішкі істер бөлімінде патрульдік-бекет қызметінде милиционер лауазымынан бастаған. Ал кейінгі жылдары қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымында еңбек етті.
Полиция полковнигі Құсаинов қызметіне адал, антына берік, шыншыл және қайырымды нағыз офицер болды. Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшылығы, Ардагерлер кеңесі және жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына орыны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, – делінген облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметте.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі