Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам бақилық болды

14 Шілде, 20:44 713

«Алматы-Екатеринбург» тасжолында ірі жол апаты кезінде 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Kazinform-ның жазуынша, қайғылы оқиға 14 шілде күндізгі сағат 12.00 шамасында Ақшатау кентінен 30 шақырым жерде «Алматы-Екатеринбург» тасжолында тіркелді. Қарағанды қаласына бара жатқан автобус пен «Тойота Естима» көлігі соқтығысқан анықталды. 

Салдарынан «Тойота Естима» автокөлігінің 4 жолаушысы және автобустың бір жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. 

11 адам әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол жүру ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.

Зарина Арман
Бөлісу: