30.09.2023
12:46
1107
Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам бақилық болды

Қарағанды облысында ұшақ апатынан екі адам бақилық болды

Қарағанды облысында шағын ұшақпен әуеге көтерілген екі адам апат кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

30 қыркүйек күні Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу ұшуын жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағы, ұшып шыққан уақыты 07.46-дан кейін байланысқа шықпады. Іздестіру жұмыстары барысында қираған әуе кемесі және қаза болған екі адам табылды. Көлік министрлігінің оқиғаларды тергеу департаменті аталған дерек бойынша тергеуді бастады», - делінген Азаматтық авиация комитетінің мәліметінде.