Қарағанды облысында тоғыз ауыл жарықсыз қалды

27 Тамыз 2023, 21:13 905

Қарағанды облысында өрт салдарынан тоғыз ауыл жарықсыз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Шет ауданының Қошқарбай ауылында трансформатордан өрт шыққан. Қызыл жалын шарпыған аумақ 25 шаршы метр жерді құрады.

Нәтижесінде 9 ауылда жарық сөнді: Қошқарбай, Ақсу, Шопа, Қызылқой, Аққияқ, Талды, Берекетті, Жаңажұрт және Деріпсал. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген мәліметте.

Перизат Саденова
Бөлісу: