Қарағанды облысында қаза тапқан кеншілердің балаларына тиісті көмек көрсетіледі

28 Қазан 2023, 14:48 604

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, марқұмдардың балаларына қандай көмек көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша қаза тапқан кеншілердің балаларына барлық қажетті қолдау шаралары көрсетілетін болады.

Облыстық білім басқармасының жанынан қаза тапқан және зардап шеккендердің балаларына көмек көрсету үшін Оқу-ағарту министрлігінің, білім басқармасының, Қарағанды облысының Бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкілінің, мектептердің, әлеуметтік педагогтардың, педагог-психологтардың өкілдерінен тұратын мобильдік топ құрылды. Мобильді топ жұмысының шеңберінде балалардың тізімдері қалыптастырылуда. Қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларынан шыққан балаларға жан-жақты психологиялық көмек көрсетіледі, деп жазылған комитет таратқан ақпаратта

Асқар Таудай
Бөлісу: