11.05.2023
12:45
1687
Қарағанды облысында пойыз үстіне шығып, тоқ соққан жасөспірімнің жағдайы ауыр

Қарағанды облысында пойыз үстіне шығып, тоқ соққан жасөспірімнің жағдайы ауыр

Қарағанды облысында тоқ соққан жасөспірімнің жағдайы ауыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

«Қазақстан теміржолы» ҰҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған оқиға 7 мамырда кешкі сағат 19:00 шамасында орын алған.

15 жастағы жасөспірім астық таситын жүк пойызының үстіне шыққан. Салдарын байланыс жүйесінің электр тоғы соғып, термиялық күйік алды. Ата-аналардан балалардың қауіпсіздігі үшін әсіресе теміржол бойындағы ережелерді қатаң сақтауды сұраймыз, - дейді теміржол мамандары.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайын өте ауыр.

Денесінің жоғары бөлігінің 60%-ы күйген. Қазіргі күні жансақтау бөлімінде жатыр, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.