Қарағанды облысында орталық көшеде ереже бұзған жүргізушілер ұсталды

29 Қаңтар, 02:23 778

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында Сәтбаев қаласының орталық көшесінде жол ережесін өрескел бұзғандар туралы бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, видеодан орталық көшеде түнгі сағат 4:00 шамасында  BMW және Mercedes автокөліктердің жол ережесін өрескел бұзғанын көруге болады. Осылайша жүргізушілер жол ережесін сақтамай, авариялық жағдай туғызған.

Полиция қызметкерлері екі көліктің де жүргізушілерін тауып, әкімшілік жауапқа тартты. Олар Сәтбаев қаласының 20-25 жастағы тұрғындары екендігі белгілі болды. Көліктер айыптұраққа қойылды, - делінген мәліметте.

Автокөлік жүргізушілерге жол ережесін өрескел бұзғаны және жолда авариялық жағдай туғызғаны үшін  әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: