Қарағанды облысында өрт шығып, 3 бала эвакуацияланды

20 Қазан, 12:26 689

Қарағанды облысы Саран қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында шаруашылық құрылысы пен қабырғасы жанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт қазанның 20-сына қараған түні Цимлянская көшесі бойында болған. Оқиға орнынан көлемі 27 литр болатын 3 газ баллоны шығарылды. Өрт 40 шаршы метр алаңды шарпыған, қызыл жалын толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: