Қарағандыдан Балқашқа және Теміртаудан Қарағандыға дейінгі жолдарда көліктің барлық түрлеріне шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Республикалық маңызы бар жолдарда 560-қа жуық арнайы жедел техника мен 900-ден астам жол мамандары жұмыстарын жалғастыруда.
«Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдарға шектеу енгізілді. Сондай-ақ жүргізушілерден тас жолдың жабылуы туралы хабарламаларды мұқият қадағалауды сұраймыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда жүргізушілер мен жолаушыларға 1403 қысқа нөмірі бойынша «Қазавтожолдың» тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына хабарласу ұсынылады», - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметінен.