02.06.2024
22:15
1039
Қарағанды облысында ірі жол апатынан 11 адам зардап шекті

Қарағанды облысында ірі жол апатынан 11 адам зардап шекті

Қарағанды облысындағы Алматы-Екатеринбург трассасының 621 шақырымында жол-көлік оқиға болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Төтенше жағдайлар министрлігі Апатты медициналық орталығының "Балхаш" трассалық медициналық-құтқару пунктінің медицина қызметкерлері жол апаты болған оқиға орнынан дереу жеткен.

Зардап шеккен 11 адамға медициналық көмек көрсетілді. Бір бала Балхаш қаласындағы ауруханаға жатқызылды.