16 наурыз күні сағат 16:25-те Қызылорда-Павлодар автотрассасының 1000 шақырымында екі автокөлік соқтығысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ТЖМ мәліметінше, апаттар медицинасы орталығы мен Қарағанды облысының Трассалық медициналық-құтқару пункті филиалының шұғыл әрекет ету бригадалары ТЖ орнына шықты.
АМО және ТМҚП қызметкерлері зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетіп, Қарағанды қаласының медициналық орталығына жеткізді, - делінген мәліметте.