Қарағанды облысында екі адам суға батып кеткен

22 Маусым 2023, 05:09 1272

Қайғылы оқиға Қарағанды облысының Абай ауданында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нұра өзенінде 37 жастағы әйел мен 36 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды.

Олар Самарка ауылының маңында серуендеуге кеткен. Екеуі үйге оралмаған соң, туыстары дабыл қаққан. Ертеңіне сүңгуірлер өзен түбінен алдымен әйелдің, ал үш шақырым жерден оның серігінің денесін алып шықты.

Қайғылы жағдайға не себеп болғанын полиция анықтайды.

19 маусымда құтқарушы сүңгуірлер Нұра өзенінен жоғалған әйелдің денесін тапты. Ал 20 маусымда Нұра өзенінен ер адамның денесі табылды. Қазір өлімнің мән-жайы анықталуда, - деді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз хатшысы Жанна Дәуренбекова.

Перизат Саденова
Бөлісу: