Қарағанды облысында арнайы операция барысында 40 адам ұсталды

13 Наурыз 2023, 12:27 1381

ІІМ-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бесінші департаменті бірлесіп, Қарағанды облысындағы кримогенді жағдайға ұзақ уақыт бойы теріс әсер етіп келген қылмыстық топтың әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл топтың мүшелері атыс қаруын қолданып, түрлі қақтығыстар ұйымдастырған. Осылайша қоғамдық тәртіпті бұзған. Жедел деректері бойынша топ мүшелерінің саны 50-ге жуық. Көшбасшы мен топ мүшелері арасында нақты иерархия құрылған. 

ІІМ-нің өкілінің мәлімдеуінше олардың әрбірінің міндеті мен өз рөлі болған. Жасырыну шаралары қатты сақталған.

«Өткізілген арнайы іс-шаралар нәтижесінде өңірдің ірі өнеркәсіптік обьектілерінде оның ішінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ  тауарлық материалдық құндылықтарды ұрлау фактілері ашылды. Топ мүшелерінің бірқатар ашылмаған ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бары анықталды. Бұл бопсалау, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, кісі өлтіруге оқталу және бұзақылық. Арнайы операция барысында 100-ден астам тінту іс-шаралары жүргізілді. Әр түрлі құрылғылар мен қару-жарақ тәркіленді. Полицияға 40 адам жеткізілді. Жедел тергеу шаралары жалғасуда», деді Шұғыла Тұрлыбек.

Акжан Ибрагимова
Бөлісу: