Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында 1973 және 1977 жылы дүниеге келген екі адам табылды. Олар орманда серуендеп жүріп, адасып кеткен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ қызметкерлері мен жергілікті қызметтер жұмылдырылды. Құтқарушылардың жедел және үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде олар Қарқаралы қаласынан шамамен 10 шақырым жерден табылып, қалаға жеткізілді. Медициналық көмекті қажет етпеді.
ТЖМ еске салады: табиғатқа шығар алдында маршрутты мұқият жоспарлап шығуға, жақындарыңызды жоспарларыңыздан хабардар етуге және байланыс құралдарын өзіңізбен бірге алуға кеңес береді.