Қарағанды облысында 15 жасар қыз суға батып кетті

3 Маусым 2023, 23:38 1855

Қарағанды облысында сыныптастарымен демалыс кезінде 15 жасар қыз бала суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қайғылы оқиға 3 маусым күні Қарағанды облысындағы Нұра ауданында болды. 2008 жылғы қыз бала сыныптастарымен демалуға барған. Оқушылар Егінді ауылынан үш шақырым жерде Нұра өзенінінің жанында демалыс ұйымдастырған.  

Жасөспірімдер шомыламыз деп шешкен. Сағат 12:20 шамасында қыз бала суға батып кеткен.

Оқиға орнына құтқарушылар жіберілген. Сағат 19:45-те қыздың денесі оқиға орнынан 15 шақырым жерден табылды, - делінген Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Құтқарушылар шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертеді.

Перизат Саденова
Бөлісу: