Қарағанды мен Ақмола облыстарында жолдар жабылды

2 Желтоқсан 2022, 23:13 1172

Қозғалысты шектеуге ауа райының қолайсыздығы себеп болған

Қарағанды және Ақмола облыстарындағы тасжолдар жабылды, деп хабарлайды El.kz «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.

Қарағанды облысында ауа-райы нашарлап, боран мен жол бойында көрінуді шектелуі байқалуда. Осыған орай «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Теміртау қаласына дейінгі учаскесі барлық көлік түрі үшін жабық, - делінген хабарламада.

Ал Ақмола облысында дәл осы себептерге байланысты «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Астана қаласынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі учаскесі жабылды.

EL.KZ
Бөлісу: