29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары3 тамыз күні кешкі уақытта Қарағанды шетіндегі орман алқабынан жасырылған қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға орнынан жедел-тергеу тобы қызметкерлері “Байкал” маркалы тегіс ұңғылы мылтық, “Соваж” маркалы қос ұңғылы карабин, 12 калибрлі қос ұңғылы шолақ мылтық, ИЖ-21 тегіс ұңғылы мылтық, Макаров тапаншасы, әртүрлі калибрлі 188 бірлік оқ-дәрілер және ішінде 1440 патроны бар мөрленген мырыш қорап тәркіледі.
Қазіргі уақытта тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілерге тиісті сараптамалар тағайындалды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған баптың санкциясына сәйкес бес жылға дейін бас бостандығын шектеуге не болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - делінген мәліметте.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек