Қарағанды маңындағы орман алқабынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды

4 Тамыз 2023, 09:17 1213

3 тамыз күні кешкі уақытта Қарағанды шетіндегі орман алқабынан жасырылған қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға орнынан жедел-тергеу тобы қызметкерлері “Байкал” маркалы тегіс ұңғылы мылтық, “Соваж” маркалы қос ұңғылы карабин, 12 калибрлі қос ұңғылы шолақ мылтық, ИЖ-21 тегіс ұңғылы мылтық, Макаров тапаншасы, әртүрлі калибрлі 188 бірлік оқ-дәрілер және ішінде 1440 патроны бар мөрленген мырыш қорап тәркіледі.

Қазіргі уақытта тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілерге тиісті сараптамалар тағайындалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Аталған баптың санкциясына сәйкес бес жылға дейін бас бостандығын шектеуге не болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: