Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшы зардап шекті

20 Шілде, 11:20 762

Қарағандыда YDD Corporation ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай орын алып, 8 адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға бүгін 20 шілдеде таңғы сағат 04:10-да болған. Өндіріс орнындағы № 1 пештен кенеттен жалын шығып, кәсіпорынның 8 жұмысшысы әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

Қазіргі уақытта зардап шеккен жұмыскерлердің барлығы ауруханаға жеткізіліп, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілуде. Компания зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуде және аурухананың медициналық қызметкерлерімен үнемі байланыста,-делінген компания мәліметінде.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: