Қарағанды дәрігерлері ер адамды клиникалық өлімнен кейін аман алып қалды

25 Шілде 2023, 16:02 815

Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасының реаниматологтары 36 жастағы қарағандылықты өлім аузынан арашалап қалды. Ер адам медициналық мекемеге клиникалық өлім жағдайында жеткізілген. Ол ата-анасының үйінде түскі ас ішіп отырып, бір тілім етке қақалып қалған. Нәтижесінде ет демалу жүйесін бітеп, ер адам тұншығып қалған, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, 36 жастағы ұлы тұншыға бастағанда, әкесі геймлих әдісін қолданған (жоғарғы тыныс жолдарының бөгде затпен бітелуіне алғашқы көмек), бірақ тыныс алу жолдарын босату мүмкін болмаған. Отбасы жедел жәрдем шақырып, ер адамды дереу ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, облыстық клиникалық ауруханаға кіре берісте науқастың жүрегі тоқтап қалған.

Оқи отырыңыз:

Клиникалық өлім жағдайында пульссіз, тыныс алмай жатқан жағдайда жеткізілді. Ең алдымен, оның тұншығып қалғаны белгілі болғанын ескере отырып, бірден тікелей ларингоскопия жасадық. Тыныс алу жолдарының кіреберісін жауып тұрған бөгде затты – ет тілімін көрдік. Оны корнцангпен алып тастадық, сонымен қатар жанама жүрек массажын бастадық. Бөтен затты алып тастағаннан кейін, бірден трахея интубациясын жасадық, содан кейін оның жүрегі соға бастады, яғни жүрек қызметі қалпына келді, - деп түсіндіреді облыстық клиникалық аурухананың реаниматолог дәрігері Александр Собянин

Сол күні кешке ер адам есін жиып, таңертең оны ӨЖЖ аппаратынан алып тастады. Келесі күні науқас бөлімге ауыстырылды. Қазір ол үйіне оралды.

Жедел жәрдем ауруханаға 5-7 минут ішінде келді. Мұнда реанимация бөлімінен бізді каталкамен қарсы алды. Мен дәрігерлерге сауатты және тез әрекет еткені үшін өте ризамын. Дәрігерлер ғана емес, кіші медициналық қызметкерлер де бізді қолдады. Бұл менің ойымша, мамандардың кәсіби жұмысымен қоса, адами қасиетін көрсетеді. Бөлімше меңгерушісі Ирина Александровнаға осындай дәрігерлері барына алғысымды айтамын. Ұлымыздың бізбен, отбасымен және балалармен бірге болғанына ризамын. Бұл – үлкен бақыт. Мен облыстық клиникалық ауруханаға, облыстық жедел жәрдем станциясының реанимация бөлімшесіне алғысымды білдіремін, – дейді науқастың анасы Наталья Левина

Өңеште тұрып қалған кесек ет үлкен болғаны мүмкін жақсы шығар. Себебі одан әрі өңештің арғы шағына өтіп, өкпеге кетіп қалған жоқ. Әйтпесе біз оны әдеттегі әдістермен ала алмас едік, мүмкін трахеотомия жасауымыз керек болар еді. Біз бастапқыда операция жасауға дайын болдық, өйткені науқасты осындай диагнозбен жеткізген кезде (бұл өте сирек кездеседі) тыныс алу жолдарында бөтен дене барын білдіреді. Біз трахеотомияға шартты түрде дайын болдық, бірақ оның бақытына орай, ота жасаудың қажеті болмады», - деп толықтырды Александр Собянин.

Равиль Ашығали
Бөлісу: