Қарағанды әуежайы ауа райына байланысты жабылды

14 Қаңтар, 16:53 739

Бүгін таңертеңнен бері Қарағандыдағы “Сары-Арқа” халықаралық әуежайы жабық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Әуе айлағы жұмысын түстен кейін жандандыруды жоспарлап отыр. Әуежай дерегі бойынша, боран мен көктайғаққа байланысты Fly Arystan компаниясының Алматыға рейсі кейінге қалды. Сондай-ақ әуежай қолайсыз ауа райына байланысты осы әуе компаниясының Алматыдан келетін рейсін қабылдай алмады.

Қазір әуежай қызметкерлері ұшу жолағын мұз бен қардан тазалап жатыр. Әуе айлағы 3117 «Қарағанды-Жезқазған» рейсін 15.00-де, ал 7122 «Қарағанды-Алматы» рейсін 17.00-де ұшыруды жоспарлап отыр. Қазгидромет хабарлауынша, Қарағанды облысында 14 қаңтарда ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Синоптиктер бұрқасын, көктайғақ және күндіз секундына 23-28 метрге жететін жел соғады деп болжаған. Бұған дейін өңірде тасжолдардың бес бөлігі жабылғаны хабарланған болатын.

Жансая Әділбек
Бөлісу: