Қарағанды-Астана тас жолындағы жантүршігерлік апаттан бес адам қаза тапты

9 Қазан 2023, 20:08 1152

Қарағанды-Астана тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай 9 қазан күні сағат 15.00 шамасында Қарағанды облысы Осакаров ауданында "Қарағанды-Астана" тас жолында орын алған. Осакаров ауданынан 50 шақырым жерде "Ford Ranger" автокөлігінің жүргізушісі Қарағандыдан Астанаға қарай бағыт алып бара жатып, алдын ала болжам бойынша көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, жол жөндеп жатқан жұмыскерді соғып, кейін жол шетінде тұрған Камазға соғылған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жұмыскер, "Ford Ranger" автокөлігінің жүргізушісі және сол көліктің үш жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деді Қарағанды облысының ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Қарағанды облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүру ережесін қатаң сақтауды еске салады.

Перизат Саденова
Бөлісу: