Бүгін Бакуде УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің екінші туры аясында "Қарабақ" (Әзірбайжан) пен "Копенгаген" (Дания) командалары кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесудің тағдырын агдамдықтардың пайдасына шешкен голды ойынның 28-минутында жартылай қорғаушы Абделла Зубир соқты. Ал матчтың 83-минутында "Қарабах" футболшысы Эммануэль Аддай тағы бір гол енгізіп, есепті 2:0 қылып түйіндеді.
Айта кетейік, бірінші турда "Қарабақ" Лиссабонда "Бенфикамен" кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп жатып, ақырында 3:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Осылайша, агдамдықтар қазір 6 ұпай жинап, турнирлік кестенің төртінші сатысына жайғасты.