Қар құрсауынан құтқарылған шетелдіктер ақмолалық полицейлерге алғысын білдірді

17 Ақпан, 19:36 771

Ақмола облысындағы жолда көрсеткен көмегі үшін 124 шетелдік азамат полицияға алғыс білдірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, 15 ақпанда Жақсы ауданының аумағында полиция қызметкерлерінің, ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен 124 шетелдік жолаушы отырған автобустар қар құрсауынан шығарылды.

Екі автобус Жақсы ауылының маңында тұрып қалды: бірінші жағдайда -30 градус аязда жанармай қатып қалған болса, екіншісінде стартердің бұзылуынан сапар жалғаспаған, - делінген мәліметте.

Адамдарды құтқару және жылу орталықтарына орналастыру шаралары дереу ұйымдастырылды. Нәтижесінде 124 шетел азаматы, оның ішінде Өзбекстанның 15 азаматы және Тәжікстанның 109 азаматы (9 әйел мен 15 бала) ыстық тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда автобустар жөнделіп, жолаушылар жолға шықты.

Перизат Саденова
Бөлісу: