Қар, көктайғақ, тұман: елімізде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

20 Қазан 2023, 07:02 657

Қазгидромет 20 қазанда еліміздің бірқатар бөлігінде қар жауып, көктайғақ, тұман болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түнде Ақтөбе облысының шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, сондай-ақ түнде және таңертең Атырауда тұман болады деп болжанады. 

Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады деп болжанады. Облыстың батысында - көктайғақ, тұман.

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, орталығында тұман түсуі ықтимал. 

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың шығысында тұман түседі. Облыстың батысында көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының орталығында синоптиктер қатты жаңбыр жауады деп болжайды. Облыстың солтүстігінде тұман түсуі ықтимал. 

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ солтүстігінде, Абай облысының орталығында тұман түседі деп күтіледі.

ІІ дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту:

Абай облысы: 20 қазанда сағат 21:00-ге дейін Семей қаласы бойынша күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҰМУ туралы ескерту жарияланады.

Шығыс Қазақстан облысы:  20 қазанда сағат 21:00-ге дейін Өскемен және Риддер қалалары бойынша күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҰМУ туралы ескерту өз күшінде қала береді. 

Перизат Саденова
Бөлісу: