Қар, көктайғақ, бұрқасын: Күн күрт суытады

8 Қаңтар 2023, 01:15 5736

Көктайғақ болып, қарлы боран соғады деп күтілуде

Елдің басым бөлігінде күн райы күрт суытады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.  

Белгілі болғандай, қар жауып, жел соғып, көктайғақ, бұрқасын, тұман болады.

Республиканың солтүстік-батысында қар жауады, солтүстігінде, батысында суық фронттардың өтуімен ауа температурасы күрт төмендейді. Республикада жел күшейеді, көктайғақ, қарлы боран сақталады, кей жерлерде тұман түседі, - делінген «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: