«Қар, бұрқасын, көктайғақ». Алдағы күндері ауа райы қандай болады

18 Наурыз, 10:46 13442

«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамы бойынша 22 наурызға дейін Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етуімен жауын-шашын күтіледі. 21 наурызда түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде, қатты жаңбыр 20 наурызда күндіз Маңғыстау облысының батысында және оңтүстігінде, 21 наурызда Қызылорда облысында, 20-21 наурызда Түркістан облысында, 19 наурызда күндіз, 20-21 наурызда күндіз Жамбыл облысында, 21 наурызда Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі қатты жауын-шашын болады, жаңбыр мен қар  жауады.

Жауын-шашынсыз ауа райы 20-21 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, 21 наурызда Қостанай облысында күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, солтүстікте және орталықта бұрқасын, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай болжанады.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының солтүстік жартысында түнде 7-18 аязға дейін,  республиканың оңтүстік жартысында түнде 0-10 аязға дейін, күндіз 3-18 жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: