«Қар, бұрқасын». Алдағы күндері ауа райы қандай болады

13 Қараша, 14:49 430

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аптаның ортасында еліміздің батысында, содан кейін оңтүстігінде антициклонның әсерінен 15-16 қарашада оңтүстік-шығыста, 16 қарашада республиканың орталығында, шығысында және солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Бірақ бұл ретте республиканың солтүстік жартысында және оңтүстік-шығысында қарлы ауа-райы, солтүстігінде бұрқасын сақталады.

15-16 қарашада циклон жырасы біртіндеп батыс аймақтарға ауысады, жаңбыр мен қар жауады. Ссондай-ақ көктайғақ күтіледі. Еліміздің оңтүстік-шығысында 14 қарашада қар жауады деп болжануда. Республика бойынша тұман мен екпінді жел күтіледі.

Түнде ауа температурасының батыста 1-10 градус жылыға дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 2-11 градус аязға дейін, орталықта 5-13 градус аязға дейін, шығыста 5-18 градус аязға дейін, оңтүстікте 2-10 градус аязға дейін жоғарылайды, еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 2-13 аязға дейін төмендейді деп күтілуде.       

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: