13.12.2025
18:13
435
Қар барысына GPS құрылғысы орнатылды

Қар барысына GPS құрылғысы орнатылды

«Алтынемел» ұлттық табиғи паркінде қар барысына GPS құрылғысы сәтті орнатылды. Алдағы уақытта құрылғыны тағы 2 қар барысына орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мұндай спутниктік қондырғы жануарлардың қозғалысын бақылауға, көші-қон жолдарын зерттеуге және қауіп-қатерлерді анықтауға мүмкіндік береді. Қондырғылар экологиялық тұрғыда қауіпсіз.