29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматы облысында 2002 жылы туған қыз түнгі мезгілде белгіленбеген жерде суға түсіп батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Қапшағай су қоймасында болды. Бір топ жас суға түсу үшін белгіленбеген жерде, «Пионер» демалыс аймағының маңындағы тоғанның жанында демалып жатқан.
Оқи отырыңыз:
Жастар мас күйде суға түскен. Бойжеткен тереңге дейін жүзіп, суға батып кеткен.
Алматы облыстық ТЖД мәліметінше, бұл су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болуы мүмкін.
Қауіпсіздік ережелерін бұзған 5 азамат ҚР «Әкімшілік жауапкершілік туралы» кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген мәліметте.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертулер мен тыйым салу белгілері бар, ескерту тақталары ілінген жерлерде суға түсуге, сондай-ақ жүзуге жабдықталмаған, бейтаныс жерлерде суға түсуге қатаң тыйым салынатынын ескертеді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек