23.07.2025
03:15
1184
Қапшағайда әйел адам суға батып кете жаздады

Қапшағайда әйел адам суға батып кете жаздады

Қапшағай су қоймасында әйел адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ТЖМ мәліметінше, Қонаев қаласының Қапшағай су қоймасында қалалық жағажай ауданында құтқарушылар патрульдеу кезінде суда бір адамды байқады.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, 1990 жылы туған әйелді құтқарып, жағаға жеткізді, - делінген мәліметте.

Белгілі болғандай, «банан» тәрізді үрлемелі су аттракционымен сырғанау кезінде ол суға құлап кеткен.