Қапшағай су қоймасында 12 балықшы құтқарылды

6 Наурыз 2023, 00:15 1093

Құмды жағажай ауданында мұз жарылып кеткен

Қапшағай су қоймасында 12 балықшы құтқарылды, деп хабарлайды El.kz Алматы облысы ЖД сілтеме жасап.

5 наурызда сағат 15.44-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Қапшағай су қоймасында, «Голубой залив» құмды жағажай ауданында мұз жарылып, сынған мұз кесегі жағадан алыстап бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Мұздың сынған бөлігінде (мұздың қалыңдығы шамамен 15 см, сыртқы ауа температурасы +130) 12 адам қалған. Оқиға орнына дереу Қонаев қаласындағы жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Шақыру орнына келген кезде балықшылар жағадан 30 метр қашықтықта мұздың сынған бөлігінде қалған. ТЖД құтқарушылары мұздың сынған бөлігіндегі барлық балықшыларды жүзу құралдарының көмегімен жағаға эвакуациялады.

Құтқарылған азаматтар құтқарушыларға алғыстарын білдірді. Медициналық көмек қажет болмады. Олардың барлығы Алматы қаласының тұрғындары екендігі анықталды.

EL.KZ
Бөлісу: