Өткен аптада ел ғылымы орны толмас қайғыға ұшырады... Біртуар ғалым, ел ғылымына өлшеусіз үлес қосқан атақты ғалым, дара тұлға Қаныш Сәтпаевтай тектінің тұяғы – Әлима Жармағамбетова апайымыз дүниеден озды. Ғалымның өмір жолына үңілсек, Әлима Қайнекейқызы – химия ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының Катализ және электрохимия институтында лаборатория меңгерушісі қызметін атқарды, - деп жазды министр Саясат Нұрбек.
Фото: facebook.com/sayasat
Ол «Кинетика және катализ», «Экологиялық катализ», «Мұнай химиясы», «Полимермен тұрақтандырылған наноқұрылымды катализаторлар» пәндері бойынша магистранттар мен докторанттарға дәріс оқып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Ғылымға өз үлесін қосып, білгенін кейінгі буынға үйретуден жалыққан жоқ, - дейді Саясат Нұрбек.
Фото: facebook.com/sayasat
Германия, Франция, Италия, Финляндия, Мажарстан, Түркия, Ресей және Өзбекстан елдерінде өткен халықаралық конференцияларға қатысып, қазақ ғылымының атын әлемге танытты Марқұмның отбасына, туған-туыстарына, әріптестеріне және барша ғылыми қауымға қайғырып көңіл айтамын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, - деп жазды Ғылым және жоғары білім министрі.