Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған монеталар айналымға шығады

9 Шілде, 17:54 609

Қаныш Сәтбаев – геолог-ғалым, ғылым және қоғам қайраткері, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті. Номиналы 2 000 теңгелік монетада марганец рудасының, минералдың түсін білдіретін күрең қызыл түске ие тантал сақинасы бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ірі кен орнын Қаныш Сәтбаев Жезді ауылының маңында тауып, игерген. Марганец Ұлы Отан соғысы кезінде броньды техникаға арналған болат қорытпалары өндірісінде кеңінен қолданылып, КСРО-ға марганец кенінің 70%-дан астамын беріп отырған.

Монеталар:

Сурет: Ұлттық банк

Монеталардың барлық түрі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің кез келген түрінде қабылдануға, елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Биколорлы монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ нөмірлі сапа сертификаттары бар кәдесый орамында шығарылады. Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар блистерлік ормада шығарылады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: