«Қаңтар оқиғасы»: Мәжіліс отырысында көрме ұйымдастырылды

5 Қаңтар 2023, 09:52 1160

Мәжілістің бірінші жалпы отырысы басталды. «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының өткен жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғаға қатысты сауалына Бас прокурор Берік Асылов пен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жауап береді. Мәжілісмендер тақырып аясында қосымша сұрақтарын қояды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мәжіліс ғимаратында арнайы көрме өтіп жатыр. ҚР Ішкі істер министрлігі тәркіленген қару-жарақтарды, бүлінген полиция киімдерін және қаңтардағы қайғылы оқиғаның басқа да заттай айғақтарын ұсынады.

 

EL.KZ
Бөлісу: