Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптаған экс-полицейлер сотталды

20 Наурыз, 10:22 557

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін экс-полицейлерге сот үкім кесті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Алмалы аудандық сотында қаңтар оқиғасы кезінде азаптау қолдану дерегі (ҚК-нің 146-бабы) бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды.

Соттың үкімі бойынша, үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Оларға үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: