Қаңтар оқиғасы кезінде Президент Ақордада болды – Мәжіліс төрағасы

23 Қазан 2022, 14:07 1964

Прездент үндеуін жасаған сәттен бастап жағдай күрт өзгерді

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов қаңтар оқиғасына қатысты жауап берді, деп хабарлайды El.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде Мәжіліс төрағасы Президент Әкімшілігін басқарып отырды. Сол кездегі жұмыс тәртібі мен Ақордаға тоқталды. 

«Төңкеріс жасағандардың ең негізгі нысаны Ақорда болғаны белгілі. Қалған облыста болған жағдайлар халық пен Президентті үрейлендіру, сол арқылы биліктен кетіру болды. Біз күндіз-түні Мемлекет басшысының жанында жұмыс істедік. Президент ондаған күн Ақордада болды. Үш сағат сайын штаб өткізіп отырды. Бұл оқиға басшымызға да оңай соқпады. Халық қандай шешім болады деп күтті. Прездент үндеуін жасаған сәттен бастап жағдай күрт өзгерді. Содырлар өзінің тиісті тойтарысын алып, біз мемлекетті тұрақтылыққа қайтадан алып келдік», – деп айтты Мәжіліс төрағасы.

Халық қалаулысы күзет қызметкері Ақордаға шабуыл жасалуы мүмкін деген ақпарат беріп, Президентті қауіпсіз жерге көшіру керегін тілге тиек етті. 

«Сол кезде Президентті басқа қырынан көрдім. Мен ешқайда бармаймын, не болса да осы жерде көремін деп күзет қызметкеріне қатты айтты. Мемлекет басшысының мінезі мен батылдығын тағы бір қырынан көрдім», – деді спикер.
Қаңтар оқиғасы кезінде біздің туымыз жығылған жоқ деп түйіндеді өз сөзін  ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: