Қаңтар кезінде ҰҚШҰ әскері ел ішіндегі мәселелерге араласқан жоқ – Айдос Сарым

5 Қаңтар 2023, 13:27 2390

Бұл туралы Мәжіліс отырысында айтты

Біз қоғам болып қаңтардың ақиқаты мен шындығын әлі түсінген жоқпыз. Бұл туралы Мәжіліс отырысында депутат Айдос Сарым айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Трагедиядан кейінгі кезеңде қасақана таралып жатқан жалған ақпараттар легіне әлі де жүйелі жауап бере алмай келеміз. Тергеу мен сот ісі біткенін күтіп жатпай, идеологиялық жұмысты елге төніп отырған қатерлерен кейін де көтеретін кез келді деп санаймын. Ол үшін жаңадан ештеңе ойлап табудың қажеті жоқ. Тек анық ақиқат пен батыл шындықты ашық айтып, дерек пен дәйек арқылы дәлелдей білуіміз шарт», - деді ол.

Сондай-ақ мәжілісмен қаңтардың бес жылдығы туралы баяндады.

«Қаңтар оқиғасы о баста бейбіт шеру ретінде басталды. Өкіншке орай, Оңтүстік өңірлерде әсересе, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында криминалдық күштердің араласуы себебінен жаппай тәртіпсіздікке, қарулы бүлікке ұласып кетті. Яғни, біздер бейбіт шеру мен жаппай тәртіпсіздікті, бейбіт наразылық пен мемлекеттік төңкерісті шатастырмауымыз қажет. Екіншіден, қаңтар оқиғасы кезінде елді алып, мемлекетті сақтап қалған екі фактор бар. Бірі қазақ халқының парасаты мен бірлікке деген ұмтылысы, екіншісі Прездиденттің дер кезінде қабылдаған тарихи шешімдері. Мемлекет басшысы сол кезде табандылық танытпағанда, қауіпсіздік кеңесінің тізгінін өзі алмағанда бүгінгі мына жиынды өткізіп отырмас едік. Адам шығыны жүздеген емес, мыңдаған адаммен есептеліп, қаралы тізім әлі күнге дейін жалғасатын еді», - деді.

Халық қалаулысы қаңтар оқиғасы кезіндегі ҰҚШҰ әскерінің елге келуіне байланысты олардың бірде-бір әскері ел ішіндегі мәселелерге араласпағанын атап өтті.

«Себебі араласу мүмкіндігі де жоқ болатын. Елдің және мемлекеттің Тәуелсіздігі, тұрақтылығы өз әскеріміз бен полицияның арқасында жүзеге асты. Бұл тұрғыдан қазақ елі ешкімге қарыздар болған емес, болмайды да. Үшіншіден, қаңтар трагедиясы елдегі реформаларды болдырмауға қаттысты қадам болатын. Өздерінің дәстүрлі майшелпектерінен эксклюзивті экноммкалық монополиялардан айырылғысы келмеген топтардың алдын ала дайындалғанынан айқын көрінді. Бұған кейбір полиция мен күштік құрылымдардың сатқындық, опасыздық жасап, әскери борыштарын орындамағанын еске алуымыз керек. Төртінші, төтенше жағдай кезінде көшеде жүру, қару, тас тарату сияқты ұйымдастыру сынды әрекеттерге экстремизм-терроризм дегеннен басқа қандай баға беру керек. Бір ғана Алматыда үш күнде жүздеген автокөлік өртеніп, мыңға жуық кәсіпкерлердің мүлкі тоналғанын қалай естен шығарамыз. Бесінші, жұр бізден не күтіп отыр? Елдегі реформаның жалғасқанын, тоқтамағанын және шын мәнінде Әділетті Қазақстан орнап, ең бастысы осындай сын мен сынақтың болмағанын қалайды», - деді депутат Айдос Сарым.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: