Пирогов атындағы университеттің Ресей геронтология ғылыми-клиникалық орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ольга Ткачева осылай дейді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Маманның айтуынша, созылмалы гипергликемия мен инсулинге төзімділік ағзада бірқатар ауру тудыратын процестерді іске қосады: тотығу стресінен бастап, митохондриалды дисфункцияға, теломерлердің қысқаруына, эпигенетикалық өзгерістер мен созылмалы бәсең қабынуға дейін.
Осының бәрі мүшелер мен жүйелердің мезгілінен бұрын тозуына негіз болатын «метаболизм-қабыну-қартаю» тізбегін қалыптастырады, - дейді ол gazeta.ru сайтына берген сұхбатында.
Қант диабеті барлық мүшеге: миға, жүрекке, бұлшықетке, бүйрекке, бауырға әсер етеді.
Халықаралық зерттеулерге сәйкес, қант диабеті бар адамдарда когнитивті құлдырау бұл ауру жоқ адамдарға қарағанда 68 пайызға тез жүреді. Ал гликемия деңгейі дұрыс бақыланбаса (HbA1c ≥ 8%), мидағы сұр зат көлемінің азаюы екі есе жылдамдайды. Бұдан бөлек қант диабеті жүрек жеткіліксіздігінің ерте даму қаупін 4-8 есе арттырады – бұл миокардтағы фиброз бен жасушалық қартаюды тездетеді. Бүйрек, өкпе және бауырдың зақымдануы да қартаюға тән механизмдер арқылы өршиді: ақуыздардың гликациясы, белсенді оттек түрлерінің жиналуы және созылмалы қабыну процестері, - дейді Ткачева.