Қандастарға қандай қаржылай көмек ұсынылады

4 Қаңтар, 18:20 1957

Өңірлік квота аясында көмек алу үшін қандастар Ақмола, Абай, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының біріне көшіп келуі керек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көшу шығыстарын өтеуге отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (241 500 теңге) мөлшерінде бір реттік төлемақы беріледі. Өзіне тұрғын үй алғанға дейін уақытша үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін 12 ай бойы 15-30 АЕК (51750-103500) аралығында қаржы төленеді.

Ипотекалық тұрғын үйдің бастапқы жарнасының бір бөлігін жабуға, тұрғын үйді сатып алуға немесе салуға ақшалай төлем ретінде 4 миллион теңгеге дейінгі ұтқырлық сертификаты беріледі.

Еліміздің барлық аймағында тұратын қандастар жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз негізде 400 АЕК (1 миллион 380 мың теңге) дейінгі мөлшерде берілетін мемлекеттік грантты алуға үміткер бола алады.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 19 476 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған болатын.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: