11.01.2023
12:20
1521
Қанат Тумыш Сыртқы істер министрінің орынбасары болды

Қанат Тумыш Сыртқы істер министрінің орынбасары болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекет басшысының жарлығымен үш елдегі елшілер тағайындалған болатын.