Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Атырау облысына жұмыс сапары аясында «НИНТ» АЭА-ға барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, Қанат Шарлапаев «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-де болды.
Біріктірілген газ-химия кешені – еліміздегі Теңіз кенішіндегі шикізатты өңдейтін алғашқы жоба. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропиленді құрайды. Бүгінгі күні іске қосылғаннан бері 442 мың тонна түйіршіктелген полипропилен өндірілді, - делінген мәліметте.
Бірінші кезеңде желіні біртіндеп 65 маркаға дейін кеңейтумен полипропиленнің 10 маркасы әзірленді. Полипропиленнің көптеген салаларда, соның ішінде автомобиль жасау, машина жасау, құрылыс, электротехника және т.б. қолдану аясы кең.
Министр «НИНТ» АЭА-дағы «Полимер Продакшн» ЖШС-де болды. Кәсіпорын импортты алмастыратын және экспортқа бағытталған полимерлі ыдыстар (қаптар), полипропилен (ББПП) және полиэтилен пленкаларын өндірумен айналысады.
Өндіріс қуаттылығы жылына 10,2 мың тонна Биаксиалды бағытталған полипропилен пленкаларын (ББПП), 24 млн дана полипропилен қаптарын, 4 125 тонна полиэтилен пленкаларын құрайды, - деп қосты министрлік.
Қанат Шарлапаев «Интаго Казахстан» ЖШС-де болды. Компания киімнен басқа тоқымалы емес текстиль бұйымдарын шығарумен айналысады. «Интаго Қазақстан» «Атырау облысының «НИНТ» АЭА аумағында тоқымалы емес геосинтетика өндіретін зауыттың құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыруда. Тоқымалы емес геотекстильді матаның жылдық өндіріс көлемі жылына 3 600 тоннаны құрайды.
Зауыт қыркүйек айында ашылып, еліміздегі ені 6 метр құрайтын геотекстильді жалғыз өндірушісі болды. Құрылыс саласы мен инфрақұрылымды дамытуға елеулі үлес қоса отырып, геосинтетикалық материалдар саласындағы сапа мен инновацияның жаңа стандарттарын белгіледі.
Одан бөлек, министр «Силлено» ЖШС-де болды. Жоба біріктірілген газ-химиялық кешен құрылысының екінші кезеңінде. Құрылысты жүзеге асыру мерзімі – 2024-2028 жылдар, пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланған.
Полиэтилен алаңында биылғы қыркүйек айында алғашқы құрылыс жұмыстары басталды және «Sinopec Engineering Incorporated» (ҚХР) компаниясымен консорциумда «Силлено» және «Tecnicas Reunidas» (Испания) арасында Пиролизді орнату туралы EPC келісімшартқа қол қойылды. Бүгінде негізгі құрал-жабдықтарды орналастыру жұмыстары жүргізіліп, әлеуетті мердігерлермен келіссөздер жүргізілуде.