Қанат Ислам үш жылдан кейін рингке қайта оралды

Қанат Ислам үш жылдан кейін рингке қайта оралды

Ұзақ уақыт үзіліс жасаған танымал қазақстандық боксшы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері әрі Қытайдың екі дүркін чемпионы Қанат Ислам (29-1-0, 22 KO) кәсіби рингке қайта оралуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оның келесі жекпе-жегі Ali Akhmedov Promotions ұйымдастыратын бокс кеші аясында өтеді. Қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ.

Қанат Ислам өзінің кәсіби мансабында 29 кездесу өткізіп, соның 28-інде жеңіске жеткен. Соңғы рет ол 2022 жылдың 7 қазанында аргентиналық Хавьер Франциско Масиельмен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.

Келесі бокс кеші 27 желтоқсанда Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында өтеді. Түннің басты жекпе-жегінде қазақстандық Әли Ахмедов (24-2-0, 17 KO) ганалық Делали Миледзимен (29-1-1, 22 KO) кездеседі.