24.04.2025
20:35
925
Қанат Бозымбаев «Семей орманы» табиғи резерватын әуеден бақылады

Қанат Бозымбаев «Семей орманы» табиғи резерватын әуеден бақылады

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Абай облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында ол облыс әкімі және Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерімен бірге «Семей орманы» табиғи резерваты аумағын тікұшақпен бақылап, өрттен зардап шеккен алқаптарға әуеден мониторинг жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері облыс аумағында 1 орман өрті, 1 дала өрті және 66 құрғақ шөптің жану фактісі тіркелген.

Өңірде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 170 адамнан тұратын 38 мобильдік топ құрылған. «Семей орманы» резерватымен бірлесіп, елдімекендердің жанында орналасқан орман алқаптарын қорғау үшін механикаландырылған күзеттер орналастырылады. Өрт ошақтарын ерте анықтау мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары «ҰК» АҚ-мен өзара іс-қимыл шеңберінде термиялық нүктелердің космомониторингі қамтамасыз етілді.